ШҚО-да егін түсімі жылдағыдан екі есе төмен
15 Сентября 2020
1313
Экономика
Алматы. 15 қыркүйек. Ақпараттар орталығы - Оған күн райының қолайсыздығы себеп дейді мамандар, деп хабарлайды «Хабар 24».
Көктемде ұзақ жатқан қалың қар күздік бидайдың біршамасын шірітіп жіберді. Одан кейін жаздағы қуаңшылық та кері әсерін тигізбей қоймады. Осылайша өлке қамбасына 250 мың тонна астық түспей қалғалы тұр. Сондықтан сарапшылар мұндай келеңсіздіктердің алдын алу үшін шаруаларға болашақта мейлінше жаңа технологияға көшуге кеңес береді. Жер емген шаруалар үшін биылғы жаз оңай болмады. Ылғалдың аздығы талай диқанның ығырын шығарды. Фарид Абитаев – ауылшаруашылық саласын мықты меңгерген кәсіби мамандардың бірі. Тәжірибелік алаңда дәнді, майлы,бұршақты дақылдарын егеді. Әдетте рекордтық түсім алатын. Өткен жылы күздік бидайдың бір гектарынан 90 центнер алған. Жаздықтан 43 центнер жинапты. Ал биылғы қуаңшылық қамбаны ортайтты дейді ол. Фарид Абитаев, агрохолдинга жетекшісі: - Қуаңшылық биыл ауыр тиіп тұрғаны рас. Жалпы қариялардың айтуынша, мұндай осыдан 46 жыл бұрын болған екен. Ол кездер біздің есімізде жоқ, дегенмен биыл сәуірдің 20-сынан бастап екі ай ішінде бар болғаны 21 милиметр ғана жауын шашын түсті. Орташа жылдық мөлшер бізде бұдан 3-4 есе жоғары болатын еді. Биылғы егін маусымы жайсыз өтті деуге болады. Дегенмен ол басқарып отырған шаруашылық үлкен шығынның алдын алып үлгеріпті. Алқапта ең соңғы үлгідегі техникалар жүр. Солардың бірі – астық жинайтын кең табанды бункер. Осы көліктің арқасында шаруалар егін алаңына үлкен жүк көліктерін кіргізбейтін болды. Өйткені жүк көліктің ізі қалған жерге егін аз шығады. Бұл бір қарағанда ұсақ нәрсе болып көрінгенімен, есептей келгенде көп-көрім шығынға ұшырататын дүние. Амантай Садықов – шаруашылықта талай жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан мықты механизатор. Сондықтан жаңа техниканы лезде игерген.. Амантай Садықов, механизатор: - Бұл жинақтағышытар ең заманауи техникаға жатады. Егін алқабының бостан бос тапталып қалмауы үшін пайдасы зор. Басқа ауыр жүк көліктері керек емес. Оның үстіне ішінде қарапайым жұмысшы үшін барлығы қарастырылған.Түгелдей компьютермен басқарылады. Әзірге аталған егін алқабы орташа алғанда әр гектардан 28 центнер өнім алды. Ал облыс бойынша көрсеткіш бұл шамадан 2,5-3 есе төмен. Көптеген диқанның өткен күзгі еңбектері еш кетті. Өйткені көктемде қар тым ұзақ жатты. Сөйтіп астындағы егілген дәнді шірітіп жіберді. Дегенмен ауылшаруашылық мамандары облыста 650 мың тоннадай астық жиналады деп отыр. Ал өткен жылы 900 мың тонна болған еді. Владимир Гайламазян, облыстық ауылшаруашылық басқармасының басшысы: - Әсіресе осыған дейін мол түсім алып келген шалғайдағы аудандар көп зардап шекті. Олардың қатарында Шемонайха, Глубокое,Алтай, Қатонқарағай өңірлері бар. Диқандар айтарлықтай шығынға ұшырады. Сондықтан жаңа технология игеру осындай кезеңде шығынды азайтудың жалғыз жолы дейді сарапшылар. Жалпы өлкеде қазір егінннің 70 проценті жинап алынды.
ru Займы под 120% годовых: дело о незаконном кредитовании передано в
ru Выставка тепличных технологий Grow Expo Astana 2026 пройдет 8-10 апреля
ru Жаркентская мечеть включена в предварительный список Всемирного наследия ЮНЕСКО
ru В Минтруда обсудили новые механизмы трудоустройства лиц с инвалидностью
ru Схема обмана студентов через соцсети раскрыта в Шымкенте
ru В Акорде состоялась церемония встречи Президента Сербии
ru Мобильный ЦОН: сколько услуг казахстанцы получают через приложение
ru Подростки с особыми потребностями осваивают профессию кондитера в Карагандинской области
ru КНБ ликвидировал канал контрабанды наркотиков
ru Охлажденное мясо птицы можно будет хранить в 3 раза дольше
ru Солдат Национальной гвардии разработал цифровой портал для военнослужащих
ru Учащиеся 0-9 классов второй смены переведены на дистанционный формат обучения
ru Пенсионерка едва не лишилась более 2 млн тенге в Павлодаре
ru Строительство нового завода Coca-Cola Içecek в Актобе планируется начать в
ru Один из крупнейших бизнесменов Польши построит фармзавод в Шымкенте
ru Стартует прием заявок на премию Президента Республики Казахстан «Алтын Сапа»
ru Президент Сербии Александр Вучич посетит Астану 26-27 февраля
ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Эмиру Кувейта
ru МТСЗН РК опровергло фейк о ежегодном отпуске
ru В Алматы открылась юбилейная выставка о мастерах кино
ru В Астане вынесен приговор интернет-мошеннице
ru Олжас Бектенов о выделении 1 трлн тенге на посевную кампанию
ru Олжас Бектенов поручил упростить и оцифровать процедуру льготного кредитного финансирования
ru В Казахстане продолжается подготовка к паводковому периоду
ru В Алматы продолжают расширять фонд студенческих общежитий
ru Почти 3000 га сельхозземель возвращены в госсобственность в Туркестанской области
ru Марихуана в особо крупном размере изъята в ВКО
ru Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров «Самрук-Қазына»
ru Из Турции экстрадирован подозреваемый в серийном мошенничестве
ru Спасатели МЧС оказали помощь 13 гражданам, оказавшимся в снежном заносе

+77772555856
Написать нам




