26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Синоптиктер алдағы 3 тәулікте Қазақстанның оңтүстігінде ыстық, жауын –шашынсыз ауа райы болады деп болжауда

1 тамыз 2016 Қаралым: 3 425 Ауа райы
Синоптиктер алдағы 3 тәулікте Қазақстанның оңтүстігінде ыстық, жауын –шашынсыз ауа райы болады деп болжауда

Алматы. 1 тамыз. Ақпараттар орталығы. Қазақстанның оңтүстігінде 2-4 тамызда ыстық, жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. 

 

«Ыстық және ашық қүнді аңсаумен жаздың соңғы айы тамыздың келіп қалғанын да байқамай қалыппыз. Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысы үшін бұл ай – жыл барысындағы жауын-шашын көлемінің ең аз түсетін мезгілі. Оңтүстікте алдағы үш тәулікте аптап ыстық болатын ауа-райы күтіледі», - делінген синоптиктер хабарында

 

Хабарда айтылғандай, Оңтүстік Уралдан ығысқан антициклон Қазақстанның басқа аумақтарындағы жауын-шашынның бәсеңбеуіне септігін тигізеді. Алайда 2 тамызда облыстардың басым бөлігінде найзағайлы, өткінші жаңбыр өтеді. Температура ақырындап көпжылдық белгі деңгейіне көтеріледі, оңтүстік пен батыста ол көрсеткіштер 2-4ºС жоғары болады.

Тағы оқыңыз