26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Ски-альпинизм және қарбасу ҚР ҚК әскери-қолданбалы спорт түрлері тізіміне енді

16 наурыз 2015 Қаралым: 1 094

ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубында Достастық елдері Қарулы Күштерінің дене даярлығы және спорт органдары басшылығымен жаңа әскери қолданбалы спорт түрлерінің таныстырылымы өтті, деп хабарлайды ҚМ интернет сайты.

Аталған тұсаукесер Алматыдағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесі жанындағы Спорт комитетінің отырысында өткен. 2013-2014 жылдардан бастап Қарулы Күштерде жаңа әскери-қолданбалы спорт түрлерін дамыту және насихаттау жұмыстары басталған. Олар – ски-альпинизм және қарбасу.

«Қарулы Күштер бөлімшелерінде жауынгерлік даярлық тапсырмаларды таулы жерлерде орындау барысында аталған спорт түрлерін іс жүзінде қолдану ерекше маңызға ие», — делінген хабарламада.