26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

СҚО-да су басу қаупі төніп тұрған екі ауылдың тұрғындары көшірілуде

5 апреля 2016 Просмотры: 1 778
Алматы. 6 сәуір. Ақпараттар орталығы. Солтүстік Қазақстан облысында (СҚО) су тасқыны қаупі төніп тұрған екі елдімекеннің тұрғындары қауіпсіз аймаққа көшірілуде, деп хабарлады аймақтың ТЖ бойынша департаментінің баспасөз қызметі.

«СҚО Ғ.Мүсірепов ауданындағы Шарық гидротүйінінің жайылған суға толып кетуіне байланысты жақын орналасқан елдімекендерді су басу қаупі төніп тұрғандықтан ондағы ауыл тұрғындарын аудандық ішкі істер бөлімі мен СҚО ТЖД ТЖ бойынша бөлімінің қызметкерлерінің күшімен алдын-ала қауіпсіз аймаққа көшіру басталды. Атап айтқанда, су басу қаупі төніп тұрған аймаққа кіретін гидротүйіннен 1,5 км қашықтықта орналасақан Мәдениет ауылының тұрғындары (34 адам) мен гидротүйіннен 12,5 км қашықтықта орналасқан Гавриловка ауылының тұрғындары (75 адам) көшірілуде», - делінген СҚО ТЖД-ның сәрсенбідегі ақпарында.

Хабарланғандай, жергілікті тұрғындар аталмыш ауданның Көкалажар ауылындағы орта мектептегі арнайы пункттіге көшірілуде.

Апатты аймақтағы жағдайды ҚР ІІМ ТЖ комитеті төрағасының орынбасары Ж.Жұмашев, СҚО ТЖ департаментінің бастығы П.Филиппов және аймақ басшысының орынбасары Айдарбек Сапаров бақылауда.