26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Статистика комитеті есептіліктің бірыңғай реестрін әзірлейді

24 февраля 2015 Просмотры: 1 019
Бұл жөнінде ҚР Парламенті Мәжілісіндегі экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің кеңейтілген отырысы барысында Статистика комитетінің төрағасы Әлихан Смайылов хабарлады.
«Мемлекеттік органдардың есептлігін реттеуді жүйелеу және солар арқылы барлық қолданушыларды қамту үшін комитет есептіліктің бірыңғай реестрін дайындауда. Ол Комитеттің ресми сайтында жарияланбақ», — деді Ә. Смайылов.
Оның айтуынша, бұл құжат наурыз айында дайын болады. Статистика комитетінің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы процесін жақсарту мәселелері сондай-ақ Дүниежүзілік банкпен бірлескен жоба аясында қаралады.
«Біз осы тұрғыда басқа елдердің тәжірибесін зерттеп, әкімшілік есептің мәліметтер базасын қалыптастырудың әдіснамасын жасамақпыз», — деді шенеунік.