26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Т. Құлыбаев мемменшікті бизнесмендерге бөліп төлеу арқылы беруді ұсынды

10 сәуір 2016 Қаралым: 1 686
Т. Құлыбаев мемменшікті бизнесмендерге бөліп төлеу арқылы беруді ұсынды
Алматы. 11 сәуір. Ақпараттар орталығы. «Атамекен» ҚР ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев жекешелендіріліп жатқан мемлекеттік меншікнысандарын сатып алғысы келетін бизнесмендерге бөліп төлеу мүмкіндігін беруді ұсынды.

«Бүгінде жекешелендірудің нәтижелерін талқылап жатырмыз. Компаниялардың белсенділігі төмен. Әзірге активтер мен ұсыныстар бизнесмендер үшін қызықты емес. Жекеменшік ортасына беруге болатындардың барлығын өткізу керек», - деді Т. Құлыбаев Қарағанды облысы бизнесмендерімен кездесу барысында.

Оның пайымынша, қиын қаржылық жағдайды, банктердің жобаларды қаржыландыруға құлшынысы жоқ екенін ескере келе көптеген кәсіпкерлерде нысандарды сатып алуға мүмкіндік жоқ.

«Біздің есептеуімізше нысандарды сатып алғысы келетіндерге бөліп төлеу мүмкіндігін беру керек. Осылайша мемлекеттік-жеке әріптестік аясында нысандар тізімі кеңейтіледі», - деп мәлімдеді «Атамекен» басшысы.