26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай Талдықорғанда мемлекеттік ту 92 метр биіктікке көтерілді

2 маусым 2016 Қаралым: 1 897
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай Талдықорғанда мемлекеттік ту 92 метр биіктікке көтерілді
Алматы. 3 маусым. Ақпараттар орталығы. Бүгін Талдықорған қаласында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні қарсаңында Мемлекеттік туды 92 метр биіктікке көтеру салтанаты өтті. Бұл биіктік өлшемі Қазақстан Тәуелсіздігінің жаңа мемлекетік символдары бекітілген 1992 жылға негізделіп алынған», - деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінен. 

Мерекелік шара Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізуге дейінгі тарихи жолдары бейнеленген театрландырылған көрініспен басталып, балабақша тәрбиеленушілері Отан, Мемлекеттік рәміздер, тәуелсіздік туралы өлең-тақпақтарын оқыды.

Туды көтерер алдында облыс әкімі Амандық Баталов жиналғандарды салтанатты шарамен құттықтады:
- Бүгін, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығында мемлекетіміздің көк туы «Жастар» саябағында өзінің жаңа құрметті тұғырына көтерілді. Бұдан былай мемлекеттік мерекелер осы Ту тұғырының астында өтетін болады. Және бұл тектен тек емес, себебі 1992 жылы осы екі түсті ту біздің еліміздің тәуелсіздігіміздің басты белгілісіне айналып, біздің көпүлтты халқымызды бір-бірімен қосып, өткенімізді, бүгінгімізді және болашағымызды бір-бірімен байланыстырып тұр. .

Өңір басшысы, сонымен қатар біздің мемлекеттік туымыздың ынтымағы мен бірлігі жарасқан елдің символына айналғанын да атап өтті.
- Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы: «Біз Тәуелсіздікке қол жеткіздік, енді сол Тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет»,- деп атап өткендей, біз үшін Мемлекеттік рәміздер – ұлттық тұтастықтың кепілі. Әр қазақстандық үшін мемлекеттік ту бейбітшіліктің, амандық пе гүлденуің белгісі. Әркез республикамыздың туы биікке көтерілген сайын әрқайсысымыз ерекше бір күй кешеміз. Және бүгінгі мереке - біздің өз елімізді қалай сүйетініміздің, оны қалай мақтан тұтатынымызды сезініп, тілмен жеткізудің тағы бір мүмкіндігі», - деп атап өтті облыс әкімі. 

«Көк тудың желбірегені» және «Қазақстан - Нұрсұлтан» патриоттық әндері белгілі әнші Ибрагим Ескендір мен «Талдықорған әуендері» ансамблі әншілерінің орындауында шырқалса, бұдан әрі мереке саябақтың негізгі сахнасында жалғасып, Сүйінбай атындағы облыстық филармония, «Талдықорған әуендері» ансамблі, Қазақстан эстрадасының өнерпаздары ән мен жырдан шашу шашты.