26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Теңге/рубльдің қазіргі қатынасы ҚР ішкі өндірісін қорғайды – Ақышев

4 сәуір 2016 Қаралым: 2 403
Алматы. 4 сәуір. Ақпараттар орталығы. Теңгенің ресейлік рубльге қазіргі қатынасы қазақстандық өндірушілерге нарықта бәсекеге қабілетті болуға және Қазақстанның ішкі өндірісін қорғауға мүмкіндік береді, деп санайды ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев.

«Ресей – біздің негізгі сауда серіктесіміз, ол біздің тауар айналымымыз құрылымында көшбасшылық жағдайға ие. Алайда импортта бұл үлес – 34%. Егер көрсеткіш жүз пайыз болса, онда рубльге телу әділ болар еді», - деді Д. Ақышев.

Оның айтуынша, біздің бағамдар қатынасына екі елдегі инфляция деңгейін ескере отырып, нақты айырбас бағамының призмасы арқылы қарау керек. Валюталардың қазіргі қатынасы қазақстандық өндірушілерге нарықта бәсекеге қабілетті болуға және ішкі өндірісті қорғауға мүмкіндік береді.

«Бұл жұптың дұрыс теңдестірілуі – капитал қозғалысы, жұмыс күші, тауарлар мен қызмет қозғалысы үшін кедергілер мен кедендік шекара болмаған жағдайда, бірыңғай экономикалық одақ бола түра, біз санасуға тиіс өмірлік шындық. Бұл жағдайларда нарықта бәсекеге түсуге болады, соның ішінде айырбас бағамы бойынша көрсеткіштер есебінен», - деп атап өтті Ұлттық банк басшысы.