26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Түлектер ағымдағы жылдың тамызында екінші қайтара тест тапсыра алады

14 июня 2016 Просмотры: 1 417
Түлектер ағымдағы жылдың тамызында екінші қайтара тест тапсыра алады

Алматы. 15 маусым. Ақпараттар орталығы. Тамыз айында ҰБТ-ны қайта тапсыруға болады, деп мәлімдеді ОКҚ-да өткен брифингте БҒМ Білім және ғылым қадағалау туралы комитет төрағасының орынбасары Ләззат Бөлекбаева.

«Осы жылы орташа баллға қол жеткізе алмаған түлектер тамыз айында қайта тапсыра алады. Өтініштер 1-8 тамыз аралығында қабылданады. Тестілеу 19-24 тамыз аралығында өтеді», - деді Л. Бөлекбаева.


Жалпы 120 мың түлектің 87 мыңы тест тапсыруға өтініш тапсырған. Оның 63 мыңы қазақ тілінде, 23 984-і орыс тілінде. Жалпы тестілеуге 84 мың түлек қатысты.