26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Турік кинематографистері «Қазақфильммен» бірге Қожа Ахмет Яссауи туралы фильм түсіргілері келеді

5 мамыр 2017 Қаралым: 2 190 Мәдениет,  Әлемде
АО "Казафильм"
Фото: АО "Казафильм"

Алматы. 5 мамыр. Ақпараттар орталығы.   Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясына танымал түріктің режиссері Кәміл Коч және «Қожа Ахмет Яссауи білім және парасат» қоғамдық қорының президенті Ахмет Яхши келді, деп хабарлады киностудияның баспасөз қызметінен. 

Хабарда айтылғандай, Кәміл Коч Қазақстанға «Қазақфильм» киностудиясымен және жалпы қазақ кинематографиясымен танысу мақсатында келген. Қонақтар «Қазақфильм» киностудиясының президенті Бақыт Қайырбековпен кездесті. 

"Уақытыңызды бөліп, мені қабылдағаныңыз үшін алғыс айтамын. Тарихы терең киностудия аумағының әдемілігіне сүйсініп отырмын", — деді шетелдік қонақ.

Сондай-ақ кездесу барысында Кәміл Коч түркі халықтары фильмдерін өндіру және қаржыландыруға бағытталған кино қорын құру туралы ұсыныс тастап, Қожа Ахмет Яссауи жайында фильм түсіруге қызығушылық танытатынын және бұл жобаны «Қазақфильммен» бірлесіп іске асыруды қалайтынын айтты. 

«Киностудиямызға келгендеріңізге қуаныштымыз және түрік кинематографистерімен бірлесіп жұмыс жасауға әрдайым дайынбыз. Киностудияның бағыттарының бірі – шетелдік студиялармен бірлескен жобаларды іске асыру. Оның үстіне жасалатын фильмдер ортақ тарихымыздан хабар береді. Киностудияның меншігінде Смағұл Елубай ағамыз жазған «Яссауи» атты дайын сценарий бар және бірлесіп жұмыс жасайтын жағдайда сіздерді автормен таныстырамыз", — деді Қаирбеков.

Кездесуден соң қонақтар киностудияны аралап, «Қазақ Елі» сериалының декорациясына барды.  

Тағы оқыңыз