Түркістан облысында базарлар мен қоғамдық тамақтану орындары демалыс күндері жабылады
22 Июля 2021
1557
Социум,
Бизнес
Фото:ҚазАқпарат
Алматы. 22 шілде.
Ақпараттар орталығы - Түркістан облысында демалыс күндері карантиндік
шектеу шаралары күшейтіледі. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар
қызметінде өткен брифингіде облыстық санитариялық–эпидемиологиялық бақылау
департаменті басшысының орынбасары Бақтыораз Елемесов мәлімдеді, деп хабарлайды
ҚазАқпарат.
Бақтыораз Елемесовтың айтуынша, облыс эпидемиологиялық бағалау матрицасы
бойынша сары аймаққа енуіне байланысты сенбі және жексенбі күндері өңірдегі
барлық қоғамдық тамақтану орындары, банкет залдары мен жазғы алаңдардың жұмыс
істеуіне шектеу қойылған. Сондай-ақ, «Ашық» жобасына қатысқанына қарамастан
балалар ойын алаңдары, сұлулық салондары, туристік нысандар, демалыс үйлері мен
бассейндер өз жұмысын тоқтатады. «Облыстық Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің Қаулысына сәйкес, демалыс күндері қоғамдық көлік, балалар ойын
алаңдары, аттракциондар, батуттар, сұлулық салондары, туристік базалар, демалыс
үйлері, бассейндер, монша, сауналар, облысаралық және қалалық тұрақты емес
тасымалдар, компьютерлік клубтар, караоке боулинг орталықтары да қызмет
көрсетпейді. Демалыс күндері жұмысын тоқтататындардың қатарында ашық және жабық
базарлар да бар. Осы ретте өңірде вакцина салдыру бойынша әлі де ұжымдық
иммунитет қалыптаса қоймағанын айтқым келеді», – деді Б.Елемесов. Сондай-ақ
жаңа қаулығы сәйкес, демалыс күндері қоғамдық көлік тасымалы тоқтатылып, ашық
және жабық базарлардың жұмысына тыйым салынады. Жаңа қаулы 22 шілде күнінен
бастап күшіне енеді. Ал, вакциналау бойынша меншік нысанына қарамай өңірдегі
барлық ұжым басшылары өз қызметкерлерінің 10 тамызға дейін екпенің 1-ші
дозасын, ал 1 қыркүйекке дейін 2-ші компонентін алуды ұйымдастыру тапсырылды.
«Денсаулығы бола тұра коронавирусқа қарсы екпені алмаған азамат көзбе-көз, яғни
офлаин режимдегі жұмыстан шеттетіледі. Бұл ең алдымен өзіңіздің және айналадағы
адамдардың денсаулығына қауіп төндірмеу мақсатында еліміз бойынша барлық өңірде
жүзеге асырылып жатқан жалпыға бірдей ереже. Өңірде вакцина салдыру қарқынын
әлі де күшейтіп, ұжымдық иммунитет қалыптастыру керек. Бұны ел президентінен
бастап, үкімет барлығы осы бағытта жұмыс істеп отыр»,- деді Бақтыораз Елемесов.
ru Конституционный Суд и Офис ОБСЕ обсудили совместные инициативы на 2026
ru Дархан Сатыбалды провел встречу с инвесторами и предпринимателями Алматы
ru Более полумиллиарда тенге ущерба возмещено по делу в сфере образования
ru МВД предупредило о схеме удаленного доступа к смартфонам через вредоносные
ru Реконструкция вокзалов Жанакорган, Шиели и Казалы приближается к завершению
ru Президент США охарактеризовал Казахстан как прекрасную и богатую страну
ru Более 102 тыс. вакансий размещено на Электронной бирже труда с
ru Аграрии Жамбылской области готовятся к посевной
ru Полиция пресекла факт незаконного оборота мефедрона в Алматы
ru Международный аэропорт Семей привлечен к административной ответственности
ru В столице представили редкие рукописи VIII–XIX веков
ru Касым-Жомарт Токаев поздравил верующих с началом месяца Рамазан
ru 14,3 млрд кубометров составляет свободная емкость в водохранилищах Казахстана для
ru С начала года казахстанцам выплачено пенсий на сумму более 395
ru Канал сбыта наркотиков каннабисной группы пресечен в Жамбылской области
ru Спасатели МЧС предотвратили взрыв в жилом доме
ru Более 40% всех ПИИ — вклад Алматы
ru Деятельность незаконного онлайн-казино расследует АФМ в Мангистауской области
ru Импульс на рынке труда: в Алатау в Алматинской области предложены
ru Школьники задержаны за «телефонное» хулиганство в Алматы
ru Ликвидированы подпольные цеха по производству снюса в Туркестанской области
ru $400 млрд к 2029 году составят инвестиции в промышленный каркас
ru Президент направил телеграмму поздравления Генеральному секретарю ЦК Компартии Вьетнама
ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Председателю КНР
ru Опознанное тело оказалось чужим: суд отменил запись о смерти
ru Запущен проект по обеспечению сёл высокоскоростным интернетом
ru В КазНУ открылся казахстанско-сингапурский центр квантовых технологий
ru Около 1 700 единиц спецтехники задействовано в снегоуборочных работах в
ru В 2026 году в Казахстане ведется строительство 90 новых школ
ru В Алматы завершена пробивка тоннелей до новой станции метро

+77772555856
Написать нам




