Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін өнім үшін айыппұлды өсіруді ұсынды
Бұл туралы Комитет төрағасы Әлиақпар Мәтішев Астанада болған брифингте айтты, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.
«Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі бойынша біз анықтайтын фактілер бойынша айыппұл санкциялары 300-ден 600-ге дейін АЕК-ті құрайды. Әрине бұл көрсеткіштер өте аз. Біз осы шекті күшейту және жоғарылату қажеттілігін көріп отырмыз», — деді Ә. Мәтішев.
Бірақ, оның айтуынша. бұл үшін уақыт қажет, ұсыныс енгізу және бизнес тарапынан да басқа да тараптардан түсіністік пен қолдау болуы керек. Қазір «өкінішке орай сәйкес келмейтін өнімді жойғанға қарағанда айыппұл төлеген оңай».