26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Үкімет еліміздің 80астам ірі кәсіпорнына көмек көрсетеді

3 ақпан 2015 Қаралым: 1 123

Өз кезегінде кәсіпорындар жұмыс орындарын сақтап және өндірісті қыстартпайтынына уәде беруі тиіс. Бұл жөнінде ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында жұмыс сапарымен болған кезінде хабарлады.

«Үкімет еліміздің 80-нен астам ірі кәсіпорнының проблемалық мәселелерін қарап, жергілікті қамтуды арттыру арқылы оларды қолдау бойынша Іс-шаралар жоспарын қабылдады. Ол үшін мемлекеттік тапсырыстарды, сондай-ақ ірі ұлттық компаниялардың тапсырыстарын қазақстандық өндірушілерге басымдықты үлестіру жоспарланған», — деді Б.Сағынтаев.

Өз кезегінде, кәсіпорындар өздерінің өнімдеріне деген біздің ішкі сұраныстарымызды қанағаттандырып, сондай-ақ халыққа жұмыс орындарын сақтаулары тиіс.

Кеңес қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі, ұлттық компаниялар мен жергілікті қамтуды дамыту бойынша жергілікті тауар өндірушілер арасында меморандумдарға қол қойылды, олардың ішінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Еуразиялық топ» ЖШС, «Самұрық-Энерго» АҚ, «Қазмырыш» ЖШС және басқалары бар. Қол қойылған меморандумдардың жалпы сомасы 74 млрд. теңгеден асты.

Павлодар облысында жергіліктіқамтуды дамыту бойынша меморандумдарға «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Еуразиялық топ» ЖШС, «КЕГОК» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ және басқалары қол қойды. Келісімнің жалпы сомасы 128 млрд. теңгеден асады.