26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Ұлттық банк еркін теңге бағамы саясатын жалғастырады - Ақышев

21 қазан 2016 Қаралым: 2 001 Экономика,  Бизнес
Ұлттық банк еркін теңге бағамы саясатын жалғастырады - Ақышев

Алматы. 21 қазан. Ақпараттар орталығы.  ҚР Ұлттық банкі еркін теңге бағамы саясатын жалғастырады, деп хабарлады Ұлттық банк басшысы  Данияр Ақышев.


ҚР ҰБ жүзеге асыруды жалғастыратын еркін теңге бағамы саясаты теңгені тиянақтау барысында мүмкін болатын теңгерімсіздіктерінің жинақталуын  уақытында алдын алуға мүмкіндік береді. Ол сондай-ақ отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қолдауды қамтамасыз етеді, деп мәлім етті бүгін Ұлттық банк төрағасы Өскемендегі  «Алтай Invest-2016» Халықаралық инвестициялық форумында сөйлеген сөзінде, деп хабарлады қаржылық реттеуші баспасөз қызметінен.  


Ол атап өткендей, еркін теңге бағамы саясаты елдің тек алтын валюталы резервтерін сақтауға ғана емес, сондай-ақ оны қалпына келтіру процесін бастауға  да мүмкіндік берді. 


«Ұлттық банктің алтын валюталы резервтері қыркүйек айының соңында 31,4 млрд долларды құрады. Жыл басынан бері – өсім 3,5 млрд доллар болды. Ұлттық қордың валюта активтері – 64,4 млрд доллар. Ел резервінің жалпы сомасы 95,8 млрд долларға жетті», – деді Д. Ақышев.

Тағы оқыңыз