Ұлттық банк зейнетақы активтерін инвестициялау механизмінің ашықтығын уәде етті
Алматы. 28 сәуір. Ақпараттар орталығы. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) зейнетақы активтерін инвестициялай бастаған Қазақстанның Ұлттық банкінде зейнетақы жинақтарын инвестициялау механизмдерінің ашықтығы уәде етілді.
Ұлттық банктің баспасөз қызметінен хабарланғандай, БЖЗҚ әр салымшыға өз есепшотын қадағалап отыруға бар жағдай жасап отыр. Елімізде осы бағытта 236 офис жұмыс жасайды, ақпарат электронды пошталар арқылы таратылады. Мағлұматты БЖЗҚ сайтынан, мобильді қосымша, egov арқылы онлайн режимде алуға болады.
«БЖЗҚ» АҚ басты құрылтайшысы мен акционері ҚР Үкіметі болса, зейнетақы активтерін Ұлттық банкі басқарып, БЖЗҚ-ның кастодиан банкі қызметін атқарып отыр. Сонымен қатар, «ҚР Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңына» сәйкес БЖЗҚ қаржысын бағыттау мен тиімділігін арттыру ҚР Ұлттық қорын басқару кеңесінің құзырында. Бұл құзырлы органның төрағасы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
«Барлық шешімдер құқықтық тұрғыдан ашық қабылданады. Бірінші кезекте салымшылардың мүддесі қорғалуы тиіс. Инвестициялық есеп ай сайын enpf.kz сайтында жарияланып тұрады», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сонымен қатар хабарланғандай, зейнетақы активтерін инвестициялау механизмі транпарентті және түсінікті болады.
Аталып өткендей, БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін ЕДБ-ның қаржы құралдарына инвестициялау үшін екінші деңгейлі банктің немесе оның акционерінде халықаралық рейтингтік агенттіктерден рейтингілік бағалауы болуы шарт.
Қазіргі таңда 35 ЕДБ-ның 30-ы ғана бұл талаптан шыға алды.
Реттеушінің мәліметі бойынша аталмыш бағдарламаға 5 ЕДБ қатыса алмайды. Олардың жартысы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялаудың ағымдағы лимитінен асып түсуіне байланысты, жартысы бағдарламада көрсетілген негізгі қызметке сай келмегентінден немесе рейтингілік бағалайдың болмауына орай қатыспайды.