Ұлттық банк зейнетақы активтерін инвестициялай бастады
Алматы. 28 сәуір. Ақпараттар орталығы. ҚР Ұлттық банкі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) зейнетақы активтерін инвестициялай бастады. Бұл жұмыс Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатыр және салымшылардың қаржысы 2016 жылдың соңына дейін инвестицияланатын болады, деп хабарлады ҚР Ұлттың банкінің баспасөз қызметі.
Ұлттық банк 2016 жылы БЖЗҚ зейнетақы активтерін нарықтық жағдайға қарай инвестициялау бағытында бірқатар іс-шаралар қабылдаған. Бұл жұмыс ҚР Үкіметінің 2016 жылы ақпан айында өткен кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының берген тапсырмасы аясында іске асырылды.
Сонымен, БЖЗҚ зейнетақы активтерінің есебінен сатылып алуға болатын қаржылық құралдар тізімі жасалды және ҚР Ұлттық қорды басқару кеңесі мақұлдады, ҚР Үкіметі бекітті. Осыған орай БЖЗҚ инвестициялық декларациясы қабылданды.
Бұдан басқа, Ұлттық банкінің директорлар кеңесі БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін Қазақстанның екінші деңгейдегі банктерінің шартталған қаржы құралдарына инвестициялау әдістемесін жасақтап, бекітті.
Сондай-ақ, Ұлттық банкінің директорлар кеңесі квазимемлекеттік сектор мен екінші деңгейлі банктердің қаржылық құралдарына сыйақы мөлшерлемесін бекітті.