26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Ұлттық банк зейнетақы активтерінің табыстылығын арттырған

5 ақпан 2015 Қаралым: 1 179

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) активтерінің табыстылығы 2014 жылдың қорытындысы бойынша 6,3% құрады. Бұл зейнетақы активтерінің 2013 жылы 2,2% құраған табыстылығынан 3 есеге жуық жоғары, деп хабарлады ҚР Ұлттық банкі.

Ұлттық банктің мәліметінше, БЖЗҚ зейнетақы активтерін шоғырландыру 2014 жылдың 26 наурызында аяқталды. Шоғырландыру қорытындысы бойынша зейнетақы активтерінің мөлшері 2014 жылғы 1 сәуірде 3,96 трлн. теңгені құрады.

2014 жылғы 1 сәуірден басталатын кезеңде ҚР Ұлттық банкі қабылданған БЖЗҚ Инвестициялық декларациясына сәйкес, жалпы сомасы 1,48 трлн теңге болатын зейнетақы активтерін инвестициялауды жүргізген.

Ағымдағы жылда Ұлттық банк зейнетақы активтерінің табыстылығын 7% жеткізбек.