• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Ұлыбритания мен АҚШ әскерилері Қазбриг пен Қазбат штабтарын оқытады

Биыл сәуір айында «Дала қыраны-2015» халықаралық тактикалық-арнайы бітімгершілік оқу-жаттығуының бірінші кезеңі басталады. Бірінші кезең барысында рота деңгейіндегі операциялар және шешім қабылдау әскери процесі пысықталады, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігі.

Аталмыш оқу-жаттығу «Іле» оқыту орталығы базасында, атап айтқанда тактикалық операциялар орталығында, алдыңғы шептегі операциялар базасында, қалалық жағдайлар мен ауылдық елді-мекендерге арналған оқыту орындарында өтеді.

«Дала қыраны-2015» оқу-жаттығуы екі кезеңде өтеді. І кезең барысында Ұлыбритания Қарулы Күштерінің өкілдері жаяу әскер ротасы деңгейінде тактикалық жаттығулар өткізеді. Ал АҚШ Қарулы Күштері бригада мен батальон штабтарын мамандандыру және оқу-жаттығудың ІІ кезеңіне даярлау бойынша іс-шаралар жүргізеді.

Британдық нұсқаушылар тобы І кезең барысында Қазбатты ауылдық және қалалық елді-мекенді, қоғамдық тәртіпті күзету, жиналған қалың топ пен тәртіпсіздікті қадағалау, база қауіпсіздігін қамтамасыз ету, айдауылдау операциялары және т.б. роталық міндеттерге үйретеді.

50-ші АРЦЕНТ нұсқаушыларының әскери тобы (Аризона Ұлттық Ұланы) Қазбат штабының әскери қызметшілерін шешім қабылдау әскери процесіне, ротаны басқару және тактикалық байланыс пункттерін жетілдіру, жарылғыш заттармен жұмыс істеу, зардап шеккендерді әуе және жер үсті жолдарымен эвакуациялауға үйретеді.

«Дала қыраны» оқу-жаттығуы «Қазбригтың» бейбітшілікті қолдау операциялары барысында жедел үйлесімділігіне қол жеткізуге бағытталғанын айта кеткен жөн. Оқу-жаттығу бітімгерлік бригадасының көпұлтты күштер құрамында бірлескен басшылық жетекшілігімен міндеттерді орындауға икем-қабілеттілігін шынайы тексереді.

Аталмыш оқу-жаттығу 2003 жылдан бастап өткізіліп келеді. Жыл сайын оқу-жаттығуға 1 500 астам адам жұмылдырылып, шетел мемлекеттерінің әскери бақылаушылары, НАТО түрлі штабтарының сарапшылары, Қазақстан Республикасында тіркелген әскери-дипломатиялық корпус өкілдері шақырылады, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі.

Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.

ru Займы под 120% годовых: дело о незаконном кредитовании передано в

ru Выставка тепличных технологий Grow Expo Astana 2026 пройдет 8-10 апреля

ru Жаркентская мечеть включена в предварительный список Всемирного наследия ЮНЕСКО

ru В Минтруда обсудили новые механизмы трудоустройства лиц с инвалидностью

ru Схема обмана студентов через соцсети раскрыта в Шымкенте

ru В Акорде состоялась церемония встречи Президента Сербии

ru Мобильный ЦОН: сколько услуг казахстанцы получают через приложение

ru Подростки с особыми потребностями осваивают профессию кондитера в Карагандинской области

ru КНБ ликвидировал канал контрабанды наркотиков

ru Охлажденное мясо птицы можно будет хранить в 3 раза дольше

ru Солдат Национальной гвардии разработал цифровой портал для военнослужащих

ru Учащиеся 0-9 классов второй смены переведены на дистанционный формат обучения

ru Пенсионерка едва не лишилась более 2 млн тенге в Павлодаре

ru Строительство нового завода Coca-Cola Içecek в Актобе планируется начать в

ru Один из крупнейших бизнесменов Польши построит фармзавод в Шымкенте

ru Стартует прием заявок на премию Президента Республики Казахстан «Алтын Сапа»

ru Президент Сербии Александр Вучич посетит Астану 26-27 февраля

ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Эмиру Кувейта

ru МТСЗН РК опровергло фейк о ежегодном отпуске

ru В Алматы открылась юбилейная выставка о мастерах кино

ru В Астане вынесен приговор интернет-мошеннице

ru Олжас Бектенов о выделении 1 трлн тенге на посевную кампанию

ru Олжас Бектенов поручил упростить и оцифровать процедуру льготного кредитного финансирования

ru В Казахстане продолжается подготовка к паводковому периоду

ru В Алматы продолжают расширять фонд студенческих общежитий

ru Почти 3000 га сельхозземель возвращены в госсобственность в Туркестанской области

ru Марихуана в особо крупном размере изъята в ВКО

ru Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров «Самрук-Қазына»

ru Из Турции экстрадирован подозреваемый в серийном мошенничестве

ru Спасатели МЧС оказали помощь 13 гражданам, оказавшимся в снежном заносе