Универсиадада қазақстандық биатлоншылар «күміс» пен «қола» жеңіп алды
Алматы. 7 ақпан. Ақпараттар орталығы. Алматыда «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде Универсиада аясында биатлоннан соңғы медальдар жинағы сарапқа салынды. 15 км масс-старт қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар күміс және қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы жарыстың ресми сайтынан хабарлады.
Бірінші орын Франция спортшысы Батисту Жутиге бұйырды. Оның нәтижесі — 43:30.0 (2 айып алаңы). Қазақстандық Роман Еремин екінші орын (43:43.5, 5 айып алаңы) алды. Ал оның отандасы Антон Пантов үшінші орын (43:57.7, 2 айып алаңы) алды.
Атап өтілгендей, Универсиадада жалпы биатлонда тоғыз медаль жинағы сарапқа салынды. Үш жоғары медальды Қазақстан мен Ресей жинаса, Францияда екі алтын, Украинада бір алтын бар.


