26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

14 мыңнан астам түлек шекті 50 баллды жинай алмады 

14 июня 2016 Қаралым: 1 370
14 мыңнан астам түлек шекті 50 баллды жинай алмады 
Алматы. 15 маусым. Ақпараттар орталығы. Ұлттық біріңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысқан 14 мыңнан астам түлек шекті 50 баллды жинай алмады, деп мәлімдеді ОКҚ баспасөз конференциясы барысында ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ләззат Бөлебаева. 

«Тестілеу барысында шекті 50 баллды 14 252 түлек жинай алмады немесе ол қатысқандардың 17%. 2015 жылы олардың саны 18,6% болатын. 52 982 баладан тыйым салынған заттар табылды. Былтыр оның саны 51370 болатын», - деді білім министрлігінің өкілі. 

Жалпы, ағымдағы жылғы 120 мың бітірушінің ішінде ҰБТ-ға қатысуға 87 мың түлек өтініш берген. Оның ішінде қазақ тілінде - 63 мың бала, 23 984 бала - орыс тілінде оқығандар. Тестілеуге 84 мың мектеп бітіруші қатысқан.

фото: amu.kz