26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

200 мыңнан астам жұмыс орнын Үкімет сақтап қалуға тырысады

3 февраля 2015 Қаралым: 1 199

Бұл жөнінде ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Караганды және Жамбыл облыстарында жүмыс сапарымен болған кезінде хабарлады.

Республикада жұмыспен қамту мәселелерін тұрақтандыруға бағытталған 1823 меморандум, олардың ішінде – 184 ірі және 1963 жалпы жұмысшылар саны 220 мыңнан асатын орта кәсіпорындармен жасалған.

«Меморандумдар аясында қарастырып жатқан ынтымақтастық бойынша бастамаларымыз қазіргі экономикалық қиындықтарды қажетті деңгейде жоюға мүмкіндік береді. Мемлекет, бизнес және кәсіби одақтар бірлесе күш жұмылдырып, халықтың жұмыспен қамтылуының төмендеуіне жол бермейтініне, және қиын жағдайда бизнеске айтарлықтай қолдау көрсететініне сенімдімін», — деді Б.Сапарбаев Таразда болған кеңесте.