26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

2014 жылы қарағандылықмемлекеттік мекемелер 81 млрд. теңгені құрайтын сатып алу жасаган

12 января 2015 Қаралым: 1 070

12 қарашада облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков актив жиынын өткізіп, онда мемлекеттік сатып алу бойынша 2014 жылдың қорытындысын жасап, 2015 жылдың жоспарын талқылады, деп хабарлайды облыс акиматының баспасөз қызметі.

Мемлекеттік сатып алу және активтер басқармасының басшысы Мұрат Кадековтің баяндауынша, өткен жылы облыста жалпы құны 81,3 млрд. теңгені құрайтын 92 мың сатып алу жүзеге асқан. Өңірдегі сатып алулар конкурстар, аукциондар, ашық тауар биржалары арқылы жүзеге асып отырған. Сатып алулардың 55,1% -ы конкурстар арқылы жүзеге асқан.

Биыл «Мемлекеттік сатып алулар» заңындағы өзгерістерге сәйкес бұл сатып алулар біркелкі мемлекеттік сатып алулар мен активтер басқармасы арқылы жүзеге асатын болады.

Бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алулар мен активтер басқармасы құны 15 млрд. 777 млн. теңгені құрайтын 99 конкурстың жоспарын жасап үлгерген.

«Алдағы уақытта конкурстар ашық түрде өтетін болады. Комиссия мүшелігінде экономика және қаржы басқармасы, аудан қала әкімдігі болады. Ал бақылаушы ретінде облыстық кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдері, «НұрОтан» партиясы, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері болады», — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.