26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

2015 жылдың маусымынан бастап жаңа Астана-Тбилиси-Астана әуе байланысы ашылады

30 наурыз 2015 Қаралым: 1 065

Бұл жөнінде бүгін Астанада «Қазақстан – Батуми» бизнес-форумында Қазақстандағы Грузияның Елшісі Зураб Патарадзе мәлімдеді, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.

«Туристік сапарлардың артуына байланысты қазақстандық «Air Astana» әуе компаниясы 2015 жылдың 2 маусымынан бастап «Астана -Тбилиси- Астана» тұрақты әуе байланысын ашатын болды», — деді З. Патарадзе.

Оның айтуынша, бүгінде Грузияда қазақстандық капиталдың қатысуымен 100-ге жуық кәсіпорын тіркелген және екі елдің бірлескен жобасының жүзеге асуының көрнекі дәлелі «Риксос – Боржоми» шипажай-сауықтыру кешенінің құрылысы болып табылады. Сондай-ақ, маңызды жобалардың бірі Батуми мұнай терминалы, ол Қара теңіз жағалауындағы Каспийдің сұйытылған газын тиейтін жалғыз терминал.