26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

2015 жылы «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша 600 дейін стипендия тағайындалады

22 сәуір 2015 Қаралым: 929

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мәліметінше, 13 сәуірде «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға құжаттар қабылдау ресми түрде басталды, деп хабарлайды үкімет басшысының сайты.

Биыл 600 дейін стипендия тағайындаламақ. Стипендиаттар оқи алатын 2015 жылға басым мамандықтар тізбесі 343 мамандықты қамтиды, олардың арасында 141 — техникалық, 79 – медициналық және 123 – гуманитарлық бағыттағы мамандықтар.

Оқуға ұсынылған шетелдік жоғарғы оқу орындарының тізімі 229 университетті қамтиды.