26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

2015 жылы Қазақстанда 109 жаңа мектеп ашылады

12 ақпан 2015 Қаралым: 894

Бұл жөнінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде министр Аслан Сәрінжіпов хабарлады.

«109 мектепті пайдалануға беру жоспарланған, оның ішінде апаттық жағдайдағы мектептердің орнына 65 мектеп, үш ауысымдықты азайту үшін — 21», — деді А. Сәрінжіпов.

Оның айтуынша, мектепте білім беру жүйесінің мазмұн өзгерген. Бастауыш және орта мектепте білім берудегі мемлекеттік стандарттар жобалары әзірленген. Деңгейлік курстардан 16 мыңнан астам педагог өтіп, 2015 жылы бұл көрсеткішті 1,5 есеге арттыру жоспарланған.

Сондай-ақ, оқу басылымдарын бағалау критерийлері жетілдіріліп, сарапшыларды белгілеу тәртібі айқындалды. Авторлар мен сарапшылар үшін оқыту курстары өткізіліп, «Қатесіз оқулықтар» науқаны басталған.