2015 жылы қуаттылығы 120 МВТ болатын 14 «жасыл энергия» жобасы енгізілді
Алматы. 24 ақпан. Ақпараттар орталығы. 2015 жылы Қазақстанда қуаттылығы шамамен 120 МВТ болатын 14 жаңартылатын энергия жобалары енгізілді, деп мәлім етті бүгін ҚР премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаева ЭКСПО-2017 Халақыралаық көрмеге қатысушылардың жиналысы барысында.
Жалпы алғанда, өткен жыл ішінде, жаңартылатын энергия көздерінен өндірілетін электр энергиясының көлемі шамамен 700 млн кВт / сағ құрады.
«ЭКСПО-2017 «жасыл» энергетика саласында адамзаттың үздік жетістіктерін көрсететін алаң болады және ол энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалануға септігін тигізеді», — деді Д. Назарбаева.
Оның айтуынша, көрмеге қатысуға әлемнің 75 мемлекеті ресми түрде өз келісімдерін берді және қатысулары бойынша 28 келісім-шартқа қол қойылды.
Сонымен қатар, 2015 жылдың 5 қараша айында Парижге Президент Н.Назарбаевтың барған сапары аясында көрменің Халықаралық бюросымен халықаралық қатысушылар үшін жеңілдіктер мен преференциялар туралы келісімшартқа қол қойылған. А.ж. 18 ақпан айында аталмыш келісімшартты ратификациялау бойынша тиісті заң қабылданды.