2015 жылы тікелей авиамаршруттар Астананы Орал, Сеул, Тбилиси және Парижбен байланыстырады
Жаңа бағыттар «Нұрлы жол» бағдарламасына сәйкес еліміздің көліктік-логистикалық жүйені жетілдіру аясында ашылуда, деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің (ИДМ) баспасөз қызметі.
Бүгәнгі таңда екі бағыт ашылған. 29 наурызда «Эйр Астана» авиакомпаниясы «Боинг-757» әуе кемесімен Астана — Париж бағытында өзінің алғашқы тікелей рейсін атқарған. Астанадан Парижге беттеген рейсте 71 адам, ал Парижден Астанаға дейінгі рейсте 54 адам болған. Рейстер сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері жүреді. Ұшу ұзақтығы 7 сағат.
Авиамаршруттың ашылуына ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті бірқатар жұмыс атқарған. Өткен жылғы қазан айында Қазақстан және Францияның авиация саласының басшылары келіссөздер жүргізген. Тараптар қазақстандық тасымалдаушылардың тұрақты рейстер атқаруы жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойған.
29 қазанда «Эйр Астана» авиакомпаниясы күн сайынғы Астана — Орал — Астана авиамаршрутын ашқан. Рейстер «Эйрбас-320» және «Эмбраер-190» типті әуе кемелерімен атқарылаған. Астана — Орал маршрутының алғашқы рейсінде 85 адам, ал кері қайтар Орал — Астана рейсінде 81 жолаушы болған.
Сонымен қатар, биыл жазда Астанадан Сеулге және Тбилисиге жаңадан халықаралық бағыттар ашу жоспарлануда. Тасымалдаушы «Эйр Астана» авиакомпаниясы болады, дейді баспасөз қызметі.