26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

2016 ж соңына дейін ҚР-да үш жаңа автомагистральдің құрылысы аяқталады 

15 маусым 2016 Қаралым: 1 602
2016 ж соңына дейін ҚР-да үш жаңа автомагистральдің құрылысы аяқталады 

Алматы. 16 маусым. Ақпараттар орталығы. Ағымдағы жылдың соңына дейін Қазақстанда «Астана-Теміртау», «Алматы-Талдықорған» және «Алматы-Қорғас» көлік жолдарының құрылысы аяқталады, деп мәлім етті ҚР Инвестиция және даму министрлігінің автомобиль жолдары Комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов

«Бірінші кезекте Астана-Теміртау жолын іске қосамыз, Алматы-Талдықорған және Алматы-Қорғас бағыттарын толық аяқтаймыз. Жолдарды қолданысқа енгізу осы жылдың қараша-желтоқсан айларына жоспарланып отыр. Яғни, аталмыш үш тас жолды да жылдың соңында пайдалануға береміз», - деді С. Бармақов республика автожолдарын ақылы қылу мәселелері бойынша өткен дөңгелек үстел отырысы барысында

Оның айтуынша, бұл автомагистральдар бірінші дәрежелі жолға сәйкес келеді және төрт жолақты болады. Кейбір жерлерде алты жолақты болып келеді.

Еске сала кетейік, 2020-шы жылға дейін Қазақстан 7 мың шақырым автомобиль жолын ақылы етуді жоспарлап отыр.

С. Бармақовтың айтуынша, ақылы жүйе іске қосылғаннан бері Астана-Щучинск автомагистральі 3 млрд теңгеден астам қаржы жинады

«Осы кезеңде бізге 3 млрд теңгеден астам қаржы түсті. Бюджеттен ақша бөлінбейді, өйткені ол ақылы болғаннан кейін өзін қамтамасыз етеді. Бұл жаз бен қыс айларында жолды тазалау, ақауды жою», - деді шенеунік.

Алдағы уақытта Алматы-Хоргос, Астана-Атбасар, Шымкент-Тараз және Шымкент-Қызылорда жолдары ақылы болады.