29 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

2016 жылы 800 әскери міндетті оқу жиынына жіберіледі

15 шілде 2016 Қаралым: 2 835 Әлемде
mod.gov.kz
Фото: mod.gov.kz

Алматы. 15 шілде. Ақпараттар орталығы. Алматы қаласы, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарының запастағы 200-ге жуық офицері екі апталық әскери оқу-жаттығу жиындарына жіберілді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен. 

Жиын жауынгерлікке барынша жақындатылған далалық жағдайда Құрлық әскерлері Әскери институтының оқу-жаттығу орталығының базасында  өтуде. Әскери міндеттілер  палаткалы лагерьде орналастырылды, азық-түлікпен, киім-кешек мүлкімен, далалық сабақтарға арналған әскери киім нысаны және кеңсе керек-жарақтарымен қамтамасыз етіледі.

"Палаткалы қалашықта сабақтарды сапалы өткізу және әскери міндеттілердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті жағдай жасалды. Ақпараттандыру, тәрбие жұмысы және тынығу бөлмесі, ауыз сумен ұдайы қамтамасыз ету пункті, душ қабылдау кабиналары, медициналық пункті бар",— делінген баспасөз парақшасында.

Екі апталық жиында запастағы офицерлерді мотоатқыш, танк әскерлері және артиллерия әскерлері мамандықтары бойынша взвод командирінің іс-қимылдарына оқытып-үйретеді. Бұл ретте практикалық сабақтарға негізгі назар аударылған.   Қатысушылар радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс, тактикалық даярлық, әскери топография, байланыс құралдары, жалпыәскери жарғылар бойынша оқып-үйренеді. Одан басқа, оқ ату мен саптық даярлықтың тереңдетілген курсы күтіп тұр. Әскери жиын аяқталғаннан кейін оқуды сәтті аяқтаған және оң мінездеме алған әскери міндеттілерге кезекті әскери атақ тапсырылады.

Алматының қорғаныс істер департаментінен хабарланғандай, осы жылы 800-ге жуық әскери міндетті жиыннан өтеді.  ҚӘ ӘИ оқу-жаттығу орталығының базасындағы сабақтарға запастағы 300 офицер тартылады. Кейіннен тағы да 200 әскери міндетті Алматы өңірлік гарнизонының  Әскери полиция жасағына жөнелтіледі.  Ең соңында Гвардейск қүк. оқу-жаттығу орталығына 300 әскери міндеттіні жөнелту  жүзеге асырылады.

 

Тағы оқыңыз