26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

2016 жылы Астананы көгалдандыруға бюджеттен 4 млрд теңге бөлінеді

18 апреля 2016 Қаралым: 2 150
2016 жылы Астананы көгалдандыруға бюджеттен 4 млрд теңге бөлінеді

Алматы. 19 сәуір. Ақпараттар орталығы. 2016 жылы Астананы көгалдандыруға бюджеттен 4 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлады «Астана-Көгалдандыру құрылысы» АҚ басқарма төрағасы Әділхан Әбілдинов.

«Ағымдағы жылы қаланың үш аудандық әкімдігі бойынша көгалдандыру үшін 4 млрд теңге бөлінді. Бұл тек гүлдер ғана емес, сонымен қатар талдарды отырғызу, күту, қоршаулар жасау және т.б. Өткен жылы шамамен 5%-ға төмен қаражат бөлінген болатын», - деді Ә.Әбілдинов «Астананың жасыл белбеуі» орман желегін күту, көгалдандыру, елорда аумағын көркейту жұмыстарына арналған баспасөз туры барысында.

Оның айтуынша, гүлзарларды отырғызу үшін елордада біржылдық 7,7 млн гүл көшеттері өсірілуде. Сонымен қатар, гүлзарларға 45 мыңға жуық көпжылдық гүлдер де отырғызылатын болады.

«Олар қалампыр, мыңжылдық. 2016 жылы 25 мың раушан, шамамен 6 түрін отырғызуды жоспарлап отырмыз», - деп хабарлады Астана-Көгалдандыру құрылысы басшысы.

Ол атап өткендей, қала бойынша гүлзарлардың жалпы аумағы 162 мың шаршы метрді құрайды. Оның ішінде 15 мың шаршы метріне біржылдық гүлдер отырғызылады.