29 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

2016 жылы ОҚО-да 765 егіз нәресте дүниеге келген

17 қаңтар 2017 Қаралым: 2 298 Медицина,  Қоғам
2016 жылы ОҚО-да 765 егіз нәресте дүниеге келген

Алматы. 17 қаңтар. Ақпараттар орталығы. 2016 жылы өңірде дүние есігін ашқан сәбилердің ішінде 765-сі егіз болса, 5-уі үшем, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен. 

2016 жылы өңірде жалпы 79 195 нәресте туылған. Ақпар бойынша, еліміздегі әрбір бесінші бала Оңтүстік Қазақстанда өмірге келсе, соның ішінде бала туудың ең жоғары көрсеткіші бойынша Шымкент қаласы алда тұр. Мәселен, өткен жылы қалада 36 191 бала дүниеге келген.

"Ал, облыс аудандарының арасында бала туу саны жағынан Түркістан қаласы алдыңғы орынды иеленіп отыр, онда өткен жылы 8742 бала дүниеге келген. Одан кейінгі орында Мақтарал ауданы тұр – 7880 бала. Ал, Сарыағаш ауданында 7425 нәресте дүниеге келген", — делінген хабарда.

Мәтінде көрсетілгендей, 2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында 79 125 сәби туылған.

Тағы оқыңыз