2017 жылы шегірткемен күреске Т1,5 млрд бөлінді
Алматы. 5 сәуір. Ақпараттар орталығы. 2017 жылы шегірткеге қарсы шараларға республикалық бюджеттен Т1538,5 млн бөлінді, деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бұл қаражатқа қажет пестицидтер сатып аланады, оларды сақтау, тасымалдау және қолдану бойынша қызметтер жүзеге асырылады.
Хабарда айтылғандай, 2017 жылы бізде шегіртке үйірі 1 млн 570,7 мың гектар жерде шоғырланады деп күтілуде, оның ішінде италиялық прусс шегірткесі - 951,6 мың га, азиа шегірткесі – 298,4 мың га, марокка шегірткесі – 320,7 мың га. жерге таралады деп болжануда.
Көршілес мемлекеттер тарапынан талап-шағымдарды болдырмау мақсатында ҚХР, Ресеймен, Өзбекстанмен және Қырғызстанмен шекаралас аумақтарда шегіртке тектес зиянкестерді анықтауға, сондай-ақ бірлескен хаттамаларды және тексеру актілерін толтыру арқылы жүргізілген өңдеулердің тиімділігін анықтауға бірлескен тексерулер жүргізілетін болады.

