26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

2250 бейне бақылау камерасы Қазақстандағы ҰБТ өткізу барысын қадағалайтын болады 

13 мамыр 2016 Қаралым: 2 369
2250 бейне бақылау камерасы Қазақстандағы ҰБТ өткізу барысын қадағалайтын болады 
Алматы. 13 мамыр. Ақпараттар орталығы. 2250 бейне бақылау камералары Ұлтық бірыңғай тестілеудің өту барысын қадағалайтын болады, деп мәлімдеді ҚР Білім және ғылым министрлігінің (БҒМ) білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Саят Нүсіпов.

Ол ағымдағы жылы ҰБТ барысында 1609 аудиторияны қолдану жоспарланғанын айтты. Министрлік өкілдері ретінде 1745 адам дайындықтан өткен. 

«ҰБТ өткізу пункттерінде рәсімге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ҰБТ-ның объективті және айқын өткізуге жағдай жасау мақсатында дәстүрлі түрде барлық жерлерде: 1399 ұялы телефон дыбысын басатын, 438 металл іздегіш, 275 бейнетіркеуіш және 2250 бақылау қамерасын қою жоспарлануда», - деді С.Нүсіпов Астанадағы брифингте.