26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

8 наурызда қазақстандықтар үш күн демалады

15 ақпан 2016 Қаралым: 1 657
Астана. 15 ақпан. Ақпараттар орталығы. Үкімет демалыс күнін 5 наурыздан 7 наурызға көшіру туралы қаулы қабылдады, деп хабарлады ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
«Еңбекшілердің демалысы үшін қолайлы жағдайлар жасау және 2016 жылғы наурыздағы жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі демалыс күнін 2016 жылғы 5 наурыз сенбіден 2016 жылғы 7 наурыз дүйсенбіге ауыстыру туралы қаулы қабылдады», — делінген хабарда.
Хабарда айтылғандай, қажетті өнім шығару, қаржылықты қоса алғанда, қызметтер көрсету, сондай – ақ құрылыс объектілерін іске қосу үшін еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген ұйымдарға кәсіподақ ұйымдарымен келісім бойынша 2016 жылғы 7 наурызда жұмыс жүргізуге құқық беріледі.
Сонымен қатар, көрсетілген күнгі жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтеледі.