26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

BG Kazakhstan БҚО несие ұйымдарын оқытуды қаржыландырады

21 февраля 2016 Қаралым: 1 759
Орал. 22 ақпан. Ақпараттар орталығы. Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданында шағын несиелерді қолдауға бағытталған жобаны жүзеге асыру басталды, деп хабарлады «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ баспасөз қызметінен. 
Хабарда айтылғандай, Орал қаласында «Би Джи Қазақстан» компаниясы және «Шағын несие ұйымдарын қолдау орталығы» «Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданында әйелдер мен жас кәсіпкерлерімен жұмысындағы шағын несие ұйымдарының әлеуетін күшейту мен оларды дамыту арқылы халықтың әл-ауқатын арттыру» атты жобасының тұсаукесерін өткізеді.
Баспасөз қызметінде түсіндіргендей, Би Джи компаниясы аталмыш жобаны тегін, еркін, әлеуметтік инвестициялар аясында жүзеге асырады және бұл жоба EBRD\BAS Kazakhstan компаниясымен біріккен, Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданындағы әйелдер мен жастардың шағын кәсіпкерліктерін дамыту Бағдарламасының шеңберінде жүргізілуде. 
Жобаға кәсіпкерлікпен айналысатын Бөрлі ауданы тұрғындарын шағын несиелеуге арналған Батыс Қазақстан облысының шағын қаржы ұйымдары қатысады. 
Жұмыс барысында ШҚҰ скринингілеу, қазақстандық және шетелдік сарапшылардың қатысуымен тренингтерді өткізу жоспарланған. Екінші кезеңде бірқатар ШҚҰ өкілдері Қырғызстанға жұмыс тағылымдамасына жібереледі, себебі кеңес үкіметінен кейінгі кеңістікте бұл республикада шағын қаржы саласы ең жоғары дамыған
Бқл ретте, жобаның қорытындысы бойынша ең жақсы нәтиже көрсеткен ШҚҰ-на бағдарламалық қамтамасыз ету және $ 50 көлемінде грант беріледі. 
Бүгінгі таңда жобаға 5 қатысушы тіркелді.
«Шағын несие ұйымдарын қолдау орталығы» ЖШС 2010 жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ мен «Шағын қаржы орталығы» (Польша) қатысуымен құрылды. Құрал ретінде шағын қаржы ұйымдарын институционалды күшейту, шағын қаржыландыруда инновациялық әдістерді енгізу, халықтың қаржы сауаттылығын арттыру шаралары пайдаланады.