26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

«Алтын қалам-2016» ұлттық әдеби жүлдесінің жеңімпаздарын марапаттау

22 қараша 2016 Қаралым: 3 180
Уақыты: Сәрсенбі. 23 қараша.  2016 жыл. Басталуы сағат 19:00.
Өткiзу орны: Алматы қаласы,  Ықылас атындағы ұлттық  музыкалық  аспаптар мұражайы. Зенков көшесі, 24 (28 панфиловшылар саябағы).

2016 жылы 23 қарашада Алматыда Ықылас атындағы ұлттық музыкалық аспаптар мұражайында «Алтын қалам» ұлттық әдеби жүлдесі жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтеді. Еліміздегі барлық БАҚ осы шараға шақырылады. 

Жүлденің мақсаты – заманауи авторлардың шығармаларына оқырманның назарын аудару, қазақстандық заманауи әдебиетті дамыту. Биыл бесінші рет ұйымдастырылып жатқан байқау жеңімпаздары келесі аталымдар  бойынша анықталады.

Әдеби жүлде аталымдары: 
1. ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ПОЭЗИЯСЫ
2. ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ПРОЗАСЫ
3. ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК БАЛАЛАР ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМДЕР  ШЫҒАРМАСЫ
4. ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК САТИРАСЫ
5. ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ФАНТАСТИКАСЫ НЕМЕСЕ ДЕТЕКТИВІ
6. ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК КИНОСЦЕНАРИЙ ЖӘНЕ ДРАМАТУРГИЯСЫ
7. ДЕМЕУШІ ТАҢДАУЫ

8. ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНЕ ҚОСҚАН ЕЛЕУЛІ ЕҢБЕГІ ҮШІН


Кештің бағдарламасы:
18:30 – Қонақтардың келуі
18:45 –Балаларға арналған «Шиай-шатпақ» кітабының тұсаукесері 
19:00 – Байқау жеңімпаздарын марапаттау шаранысының басталуы 

Аккредитация adebiet2014@gmail.com электрондық мекен-жайы бойынша жүргізіледі.
Бізді қолдағандар:  "ZHERSU" инвестициялық-өндірістік корпорациясы, QAZKOM  банкі

Ақпараттық серіктестеріміз: Қазақ  радиосы және Қазақстан Баспасөз Клубы

Байланыс телефоны 87013366053.