WikiLeaks ОББ (ЦРУ) үшін дайындалған кибершабуылдарға талдама жасалған баяндамаларды жариялады
Алматы. 20 шілде. Ақпараттар орталығы. WikiLeaks Орталық барлау басқармасының (ОББ) құпия баяндамаларының кезекті бір бөлігін жариялады. Оған зиян келтіретін бағдарламалардың қалай жұмыс жасайтындығы туралы Raytheon Blackbird Technologies дайындаған баяндамалар кірген, деп жазады «Коммерсантъ».
Айтылғандай, ОББ бұл баяндамаларды оларға қызмет жасайтын Raytheon-нан 2014 жылғы қарашада және 2015 жылы қыркүйекте алыпты.
«Ол баяндамаларда «зиян келтіргіш бағдарламалардың шабуыл бағытын бағалау және жұмыс жасау тұжырымдамасын дәлелдейтін идеялар бар. Ол қауіпсіздік саласындағы зерттеушілердің және жеке компаниялардың жалпы ашық құжаттарының негізінде жасалған». WikiLeaks хабарлағандай, алынған ақпарат негізінде, ОББ жеке өздерінің зиян келтіргіш бағдарламаларын жасауы мүмкін», - делінген хабарда.
Хабарда нақтыланғандай, ОББ конфиденциальдық мәліметтер массивінің жалпы атауы Vault 7. Мұның алдындағы құжаттар бөлігі 13 шілдеде жарияланған. Ол Android негізіндегі смартфондарға арналған HighRise қосымшасына бағытталған және sms хабарларды ұстап алуды мүмкін етеді.
«6 шілдеде жарияланған ОББ құжаттарының бір бөлігі BothanSpy және Gyrfalcon жобаларына арналған. Ол желілік SSH протоколының есептік мәліметтерін кеңейтуге және оны жолдан ұстап алуға арналған. Наурыз айында жарияланған құжаттардың бірінші жартысында ОББ мен онымен жұмыс жасайтын барлау мекемелері мәліметтерді шифрлауды бұзу әдісін тапқандығы айтылады және ол телефондар мен WhatsApp пен Telegram сынды мессенджерлерде қолданылатын мәліметтерді шифрлауды бұза алады», - деп жазады портал.
Дереккөз: Коммерсантъ


