26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Ә. Мәтішев: «Роспотребнадзор мен Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті жосықсыз өнім берушілермен бірлесіп қарсы күреседі»

15 сәуір 2015 Қаралым: 883

Осылай деп Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Әлиақпар Мәтішев қазақстандық және ресейлік қызметтердің өзара іс-қимылының деңгейі туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.

Оның айтуынша, Қазақстанда белгілі бір ресейлік өнімді өткізуге тыйым салу және «Роспотребнадзор» тапқан қазақстандық өнім берушілердің бұзушылықтары – бұл тұтынушылық саласындағы тексерушілердің анағұрлым мұқият жұмысының нәтижесі, сондықтан қандай да бір жағымсыз факторлар және саяси жүрістер туралы айту дұрыс емес.

«Мен үш күн бұрын әріптесім «Роспотребнадзор» басшысы Анна Поповамен кездестім. Біз қазақстандық нарығын да ресейлік нарықты да «бәсекелестерден», өнімдердің жосықсыз өнім берушілерінен «тазарту» қажет деген пікірге келдік. Және бұл отандық және ЕАЭО елдерінің ғана емес, сонымен бірге шетелдік барлық өндірушілерге қатысты», — деді Ә. Мәтішев.