26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Адам өлімі бойынша ұсталған күдікті прокуратура қызметкері емес

12 ақпан 2016 Қаралым: 1 656

Алматы. 12 ақпан. Ақпараттар орталығы. Астанадағы студент-дәрігер Ерасыл Әубәкіровтың өлімі бойынша ұсталған күдікті прокуратура қызметкері емес, деп хабарлады Астана қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Хабарда айтылғандай, кеше, 2016 жылдың 11 ақпанында бірқатар БАҚ Астанада із-түссіз жоғалып кеткен студент Ерасыл Әубәкіровтың өлі денесінің табылғаны туралы хабар таратты.Сонымен қатар адам өлімі бойынша ұсталған күдіктілердің бірінің бұрынғы прокуратура қызметкері екені айтылған.
«Соған байланысты, қалалық прокуратура күдікті 1994 жылы туған Нұрбек Әжімбайдың 2015 жылдың 29 шілдесі мен 31 желтоқсаны аралығында халықты жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша Астана қаласы әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту басқармасының техникалық жұмыстарды (өкімхаттар жасау, құжаттарды тігу) атқару үшін Сарыарқа ауданының прокуратурасына жіберілді. Жалақысын Жұмыспен қамту басқармасы төледі», — делінген бас прокуратураның хабарында.
Сонымен хабарда атап өткендей, «Н.С.Әжімбай оперативтік қызметтерді атқарған прокуратура қызметкері емес».