26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Алдағы демалыс күндері күн жауын-шашынды және тұманды болады

10 наурыз 2017 Қаралым: 1 644 Ауа райы
Алдағы демалыс күндері күн жауын-шашынды және тұманды болады

Алматы. 10 наурыз. Ақпараттар орталығы. Алдағы күндері еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын күтіледі, делінген «Қазгидромет» РМК 11-13 наурызға арналған болжамында.

"Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы демалыс және дүйсенбі күндері Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында ауа-райын биіктік циклондары анықтайтын болады. Соның әсерінен жауын-шашынды ауа-райы бұлтты, таулы аймақтарда, ауа температурасы климаттық нормадан 1-3ºС төмен болады деп күтіледі", — деп болжады синоптиктер.

Республикамыздың қалған аумағы антициклонның ықпалында болады, сондықтан ауа-райы жауын-шашынсыз аз бұлтты болады деп болжанады. Бірақ түнгі және таңғы уақыттарда, Қазақстанның көп бөлігінде, көріну мүмкіндігі 100 ден 500 м дейін тұман болады. Ауа температурасы осы кезеңдерде норма шамасында және одан 2-5ºС жоғары болады деп күтілуде.

Тағы оқыңыз