26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Алдағы күндері Қазақстанда жауын-шашынды болады деп күтілуде

30 қаңтар 2017 Қаралым: 1 716 Ауа райы
Алдағы күндері Қазақстанда жауын-шашынды болады деп күтілуде

Алматы. 30 қаңтар. Ақпараттар орталығы. Жылу мен ылғалдың үлкен қоры бар оңтүстік циклон, Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс, орталық және шығыс облыстарында ауа-райын анықтайтын болады, делінген «Қазгидромет» РМК-ның 31 қаңтар-2 ақпан аралығына жасаған болжамында. 

Онымен Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында сулы қар, тұман, көктайғақ және күшті батыс желі, орталығы мен батысында – қар жауу, боран және жкей жерлерде 18-25 м/с жел күтілуде.

Метеоқызмет ақпарынша, батыс және солтүстік облыстар алдағы екі тәулікте антициклон белдеуінде болады, артынша бұл аудандардың ауа-райына циклондармен байланысты, Баренцев теңізінен Оралға ауысатын, атмосфералық фронттар ықпалын тигізетін болады. Мұнда қар жауу, боран және әсіресе батыс бағытындағы күшті жел күтіледі.

Тағы оқыңыз