Алдағы күндері Қазақстанда қар жауып, бұрқасын болады
Алматы. 1 ақпан. Ақпараттар орталығы. Қазақстанда қар жауып, бұрқасын болады, делінген «Қазгидромет» РМК-ның 2-4 ақпанға арналған болжамында.
"Кезекті циклон Батыс Сібір мен Солтүстік Қазақстан арқылы өтеді", — деді синоптиктер.
Циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар көптеген облыстарда қар жаудырып, боран соқтырып, көріну қашықтығын 500 метрден кем төмендетіп, желдің күші 15-20 м/с дейін, солтүстік облыстарда желдің екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді.
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлері сондай-ақ фронттардың, бірақ оңтүстік циклонмен байланысты фронттар аймағында болады. Сондықтан мұнда негізінен, жауын-шашын болып, қар жауып, тұман басып, күшті батыс желі кейде 23-28m/с жетіп, температура төмендеп, көктайғақ күтіледі, қар мен тұманның салдарынан көріну 200-500 м дейін қысқарады.


