Алдағы үш күнде Қазақстанда аптап ыстықтың беті қайтады
Астана. 23 маусым. Ақпараттар орталығы. Алдағы үш күнде Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс облыстарында ыстық әлсірей бастайды, кей жерлерінде күн күркіреп, өткінші жауын жауады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Республиканың қалған аумағында жауын жауады, кей жерлерінде бұршақ жауады, екпіндетіп жел соғады, ауа температурасы біртіндеп төмендеп, климаттық нормаға жақындайды.
Астанада 24 маусымда жауын жауады, күн күркірейді. Ауа температурасы түнде +17+19°С, күндіз +27+29°С. 25 маусымда күн ашық, түнде +14+16°С, күндіз +28+30°С. 26 маусымда күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Температура түнде +15+17°С, күндіз +30°С.
Алматыда 24-25 маусымда өткінші жауын жауады, күн күркірейді. Ауа температурасы түнде +21°С, күндіз +32°С. 26 маусымда жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +16+18°С, күндіз +30+32°С.


