Алдағы үш тәулікте республикада жауын-шашынсыз бір қалыпты ауа райы сақталады
Алматы. 16 қаңтар. Ақпараттар орталығы. Қазақстанға қарай ығысқан антициклон алдағы тәуліктерде өз ықпалын әлі сақтайды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК –ның 17-19 қаңтарына арналған болжамында.
"Республиканың көптеген облыстарында жауын-шашынсыз бір қалыпты аяз күтілуде, кей жерлерде ауа температурасы шамамен нормадан 1-2º төмен болады деп болжанады", — деп хабарлады синоптиктер.
Тек батыс пен оңтүстікте, атмосфералық фронттардың жақындауымен 18 және 19 қаңтарда кей жерлерде қар жауып, тұман басып, оңтүстікте көктайғақ күтіледі.


