29 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Алматы, Астана мен Талдықорғаннан Үшаралға авиарейстер ұшатын болады

13 сәуір 2017 Қаралым: 3 611 Туризм,  Көлік
airproject.kz
Фото: airproject.kz

Талдықорған. 13 сәуір. Ақпараттар орталығы. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Алматы облысындағы авиациялық қатынасты дамыту жобасы іске асырылатын болады, деп хабарлады ҚазТАГ агенттігі.

«Жобаны іске асырудың алғашқы кезеңінде Талдықорған-Үшарал-Талдықорған, Алматы-Үшарал-Алматы, Астана-Үшарал-Астана авиарейсін жіберу болмақ. Бұл шаралар Алакөл жағалауына туризмды жанжақты дамытуға бағытталмақ», - делінген бейсенбі күнгі хабарда.

Сондай-ақ Талдықорған мен Шымкент, Өскемен мен Қарағанды қаларының арасында авиақатынас ашу мүмкіндігі қарастырылуда.

Үшарал әуежайы 2017 жылдың жазында жолаушыларды қабылдай бастайды.

Бұрындары ҚР инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Үшарал әуежайы 2017 жылдың жазына азаматтық авиарейстерді қабылдай бастайды.

Дереккөз: КазТАГ

Тағы оқыңыз