Алматы мен Қазақстанның бірқатар өңірлерінде күн жылиды
Алматы. 21 қараша. Ақпараттар орталығы. «Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес 22-24 қарашада Алматы мен Қазақстанның бірқатар өңірлерінде күн жылиды.
"Қазақстандағы өте суық ауа-райын ұстап тұрған қуатты антициклон, жылы және ылғалды атлантикалық ауа қысымының салдарынан ақырындап бұзыла бастайды. Алдағы үш тәулікте республиканың батыс, солтүстік және орталық облыстарында температура көтеріліп, сондай-ақ қар жауып, бұрқасын тұрып, қатты батыс желі соғады деп күтілуде", - делінген синоптиктердің хабарында.
Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және шығыста антициклон ықпалының нәтижесінде жауын-шашынсыз суық ауа-райы сақталады. 24 қарашаға қарай шығыс облыстарда аяз аздап босаңсыйды деп болжанады.