26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Алматы облысында «Мерейлі отбасы» байқауының өңірлік жеңімпаздарын анықтады

14 маусым 2016 Қаралым: 2 079
Алматы облысында «Мерейлі отбасы» байқауының өңірлік жеңімпаздарын анықтады

Алматы. 15 маусым. Ақпаратық орталы. Алматы облысында «Мерейлі отбасы» байқауының өңірлік жеңімпаздарын анықтады, деп хабарлады облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасынан.

Хабарда айтылғандай, облыстық комиссия отырысында 8 отбасы жүлделі орындарға ие болса, 30 отбасы облыс әкімі Амандық Баталовтың алғыс хаты мен ақшалай сыйлыққа ие болады.

Комиссия шешімімен ІІІ орынды Талдықорған қаласынан келген Қожахметовтер отбасы, Ескелді ауданынан келген Мейірбековтер мен Қарасай ауданынан келген Мамедовтер алды. ІІ орын Ұйғыр ауданынан келген Бағбаевтар, Сарқан ауданынан келген Блескелдиновтер, Еңбекшіқазақ ауданынан келген Шоқпаровтар отбасына бұйырды. Ал І орынды Қапшағай қаласының Угничевтер отбасы мен Талғар ауданының Ақанаевтар отбасы алды.

Облыстық турдың жеңімпазы атанған Ақанаевтар мен Угничевтер отбасы Алматы облысының атынан Ұлттық байқаудың республикалық турына қатысады.

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы өнегелі құндылықтарды жаңғырту және отбасы мен некенің жағымды үлгісін тарату, отбасы мәртебесін жоғарылатуға бағытталған.

Конкурсты өткізудің мақсаттары:ата-аналардың балаларды тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру; отбасыларды, еңбекке қабілетсіз ата-аналарына кәмелетке толған балаларының күтім жасауын дәріптеу және кеңінен насихаттау.

Конкурсқа мүшелері жоғары еңбек, спорттық, шығармашылық, интеллектуалдылық, ғылыми жетістіктерге жеткен отбасылар қатысады.

Үздік отбасыларды анықтау туралы шешім қабылдау барысында облыстық және аудандық комиссия келесі талаптарды басшылыққа алады: отбасы мүшелерінің жетістіктерінің саны мен маңыздылығы, отбасының рухани-адамгершілік құндылықтары, балаларының жетістіктері, ата-аналарының жетістіктері, отбасындағы дарындылар, отбасының қоғамдағы беделі.

«Мерейлі отбасы» конкурсының облыстық турының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты 2016 жылдың 15 маусымында облыс әкімі А.Баталовтың қатысуымен І.Жансүгіров ат. мәдениет сарайында өтеді.

«Мерейлы отбасы» конкурсының жеңімпаздарын марапаттауға Астанадан Қазақстан Республикасы президенті жанындағы әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат істері жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен келеді деп күтілуде.

фото: khabar.kz