Алматы орталығының тұрғындары автотұраққа төлеу барысында жеңілдіктер алады
Алматы. 22 сәуір. Ақпараттар орталығы. Алматы орталығының тұрғындары автотұраққа төлеу барысында жеңілдіктер алуы мүмкін, деп хабарлады Алматы әкімі Бауыржан Байбек.
«Ия, біз резидент принціпін талқылап жатырмыз, ол дұрыс. Егер адам орталықта болса, онда оларда резидент мүмкіндігі болуы керек. Оның үстіне автотұрақ орнын ескеруіміз керек», - деді Б.Байбек жұмадағы брифингте.
Осы ретте ол атап өткендей, егер көлікті қойғаны үшін сағатына 100 теңге төлем автокөліктер санын азайтпаса, онда оның бағасы көтеріледі.
«Шартты түрде айтқанда, біз сағатына 100 теңге қоямыз (Алматыда көлігін қойғаны үшін - ic24.kz). Егер көлік саны азаймаса онда біз сағатына 500 теңге қоямыз, сонда адам есептейтін болады», - деп атап өтті ол.
Сонымен қатар әкім Алматыдағы темір көлікжайлардың орнында жерасты паркингтер пайда болуы мүмкін екенін айтты.«Бізде алматылық көлікжайлар бар. Бұл Алматыға тән. Кезінде ҰОС ардагерлеріне есік алдында темір көлікжайларды қоюға рұқсат берілген болатын. Есік алдына көлікжайларды қоя берді, қоя берді. Енді олардың басым бөлігінің иелері жоқ, кейбіреулері қоймаға айналып кеткен. Бүгінде біз ол көлікжайларды алып тастау және орнына жерасты автотұрақ салу идеясын талқылап жатырмыз, ал үстіне футбол алаңын салуға болады», - деді Б.Байбек.
Оның айтуынша, көлікжай иелері бұл паркингтерден орын ала алады, ал қалған орынды өзге тұрғындар алса болады.