26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысы өткізіледi

3 мая 2016 Қаралым: 1 343
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2016 жылғы 5 мамырда сағат 11.00 «Туран» университетінің мәжіліс залында Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысы өткізілмек. 

Күн тәртібінде: Алматы қаласы ауыл шаруашылық басқармасы мен Алматы қаласы жер қатынастары басқармасының қызметі туралы есебі тыңдалады. 

Отырыс барысында қала тұрғындарының азық-түлікпен қамтамасыз етілуі, бюджеттік қаражатының жұмсалуы, өнімділігі мақсатты индикаторларға қол жеткізу, сонымен қатар, Алматыда жерді пайдалануға қатысты сұрақтар, жер қатынастарына байланысты реформалар төңірегінде түсініктеме берілетін болады.  

Аталған отырысқа қоғамдық, Алматы қаласы Мәслихатының депутаттары, мемлекеттік мекемелердің өкілдері, БАҚ, жер құқығы жөніндегі сарапшылар және заңгерлер және т.б. шақырылған.

Қызығушылық танытқан БАҚ аккредитацияны келесі нөмірлер арқылы өтулері тиіс: 272-38-33, 8775-623-63-51, e-mail: jibek-93@mail.ru, Жібек Нуршайхова.