Алматы тауларында қар көшкіні қаупі сақталуда
Алматы. 24 наурыз. Ақпараттар орталығы. 24-26 наурыз аралығында Алматы облысының таулы аймақтарында қар жамылғысының биіктігі мен күннің жылынуына байланысты қар көшкінінің жүру қаупі сақталуда, деп хабарлады Алматы ТЖД.
Соған байланысты Медеу-Шымбұлақ, ГЭС-1-БАО көлік жолына ескерту тақталары орнаталып, туристердің шығуына шектеу қойылуда.
"Сондай-ақ, ТЖД қар көшкінін болдырмау және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарынан, туристерден таулар мен шыңдарға шығудан бас тартуды сұрауды", — деп ескертеді құтқарушылар

